Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаяр емес

Карантин талаптарын сақтау іс-шарасы бойынша Сарыағаш  АПБ-нің қызметкерлері  кезекті рейд шараларын жүргізуде. Мобильдік топ мүшелері қаладағы тамақтану орындарында, сауда үйлерінде, азық-түлік дүкендері мен ойынханаларда  санитарлық талаптар мен карантин режимінің сақталуын қадағалауда. Осы тұста карантин талаптарына немқұрайлы қарап, түнгі уақытта  санитарлық нормаларды бұзған   кафе, ойынхана, дүкендер   жайты анықталып, оларға  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттама толтырылды. 

image.png

Бүгінгі таңға дейін Сарыағаш  ауданының полицейлері атқарған іс-шаралардың нәтижесінде карантин талабын орындамағандардың  145-ке жуығы заң бұзуға жол берген. Олардың басым көпшілігі белгіленген уақыттан кейін де жұмыс жасап тұрған дүкен мен ойынхана, тойхана иелері. Мысалы, Сарыағаш  қаласында түнгі 12 шамасында  «Әлібек ата» дүкені ашық   тұрғаны анықталған. 

Сондай-ақ бильярд ойынханалары сағат 23:00-ден кейін жұмыс жасап жатқандығы белгілі болды. Ойынханаға келуші азаматтардың да ешбірінде медициналық бетперде болмаған. Сонымен қатар індет өршіп тұрған уақытта жиын, той жасаушылар қатары да азаяр емес. Ашығын айтқанда, Сарыағаш  қаласындағы бірнеше  дүкендер мен ойынханалар анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. 

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.


ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер