Түркістан облысының полицейлері ескертеді: Көктайғақта абай болыңыз!

6cca0b1c-c6c4-448c-b545-65a1f8ed2d3b.jpg

Қысқы маусымда жұртты әбігерге салып көктайғақ болып жататыны жасырын емес. Осындай кездері автомобиль жүргізушілерінің де, жаяу жүргіншілердің де жарақат алу қаупі артады. Сондықтан түрлі дене жарақатын алмас үшін аса сақтықпен жүрген дұрыс.

Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілерді қауіпсіздік техникасын сақтап, жолдарда барынша сақ болуға шақырады, әсіресе ауа райы қолайсыз болған кезде. Түркістан облысы аумағында түрлі жол апаттарының алдын алу мақсатында жолдардағы қар күреліп, көктайғақтан сақтану үшін тиісті тұз, құм қоспалары себілуде. Арнайы техникаларда жұмылдырылған. 

Жалпы жыл сайын көбіне көктайғақ кезінде зардап шеккендер травматологиялық пункттерге медициналық көмекке жүгінеді. Бұндай келеңсіз жағдайға тап болмас үшін ең алдымен қауіпсіздік керек. Яғни көктайғақта қарапайым қауіпсіздік қағидаттарын білу және оларды сақтау өте маңызды.

Жүргізушілер ауа райының қолайсыз жағдайында бірінші кезекте, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтауы қажет, әсіресе балаларға білім беру мекемелері, қоғамдық көлік аялдамалары, жаяу жүргінші өткелдері жанынан өткен кезде ерекше мұқият болыңыздар. Ал, жаяу жүргіншінің тайғақ жолда жүруінің негізгі қағидаттары жан-жағына назар аудару және абайлықты сақтау болып табылады. 

Сондықтан, құрметті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер! Қазір қар, көктайғақ, тұман кезі, жолда өте сақ болып жүріңіздер! Жазым аяқ асты, асығыстық немесе  немқұрайдылық сізге өзгенің  не өзіңіздің денсаулығыңызды, тіпті өмірлеріңізді қайтарып бермейтінін естен шығармаңыз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан полицейлері қайтарымсыз ақша алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады
  • Түркістан облысында ауыр жүк көліктерінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүр
  • Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады
  • Түркістан полицейлері ұялы телефон жымқырған азаматты ұстады
  • Түркістан облысының полицейлері тұрғынды алдап, заңсыз жер сатқан алаяқты ұстады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер