Пиротехника профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

a1d6f8c3-e354-47b1-812e-5f965aff3d9a.jpg

Ағымдағы жылдың 15-желтоқсанынан бастап жаңа жылдық мереке қарсаңында облыс полицейлерімен адам өміріне қауіп төндіретін от шашулар мен заңсыз сату айнылымына тосқауыл қою мақсатында «Пиротехника» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шара карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты тәулік бойы атқарылып жатыр. 

Осыған байланысты Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен аудандағы 20-дан астам шағын сауда орындары мен 10-нан астам үлкен сауда орындары жіті тексерілді. 

Сонымен қатар сауда орындарының сатушыларына карантин талаптары мен  пиротехникалық заттарды қолданудың қауіпсіздік ережелері, пиротехникалық бұйымдарды сатуда арнайы лицензияның болуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Айта кететін жайт «Пиротехника»  профилактикалық шарасы 2021 жылдың 7-қаңтарына дейін жалғасатын болады. 

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ескертеді, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндетті. Себебі от шашу кезінде адамдардың денсаулығына қауіп төнуі әбден мүмкін. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан полицейлері қайтарымсыз ақша алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады
  • Түркістан облысында ауыр жүк көліктерінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүр
  • Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады
  • Түркістан полицейлері ұялы телефон жымқырған азаматты ұстады
  • Түркістан облысының полицейлері тұрғынды алдап, заңсыз жер сатқан алаяқты ұстады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер