Той өткізіп басы бәлеге қалды

турпол.jpg

Төтенше жағдай тәртібін бұзып, той жасаған жасаған тұрғынға полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, ісін  сотқа жолдады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирусқа қатысты Қазақстанда төтенше жағдай жариялануына байланысты елде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында қандай да бір іс-шараларды, басқосуларды ұйымдастырып, өткізуге тыйым салынды. Соған қарамастан Түркістанда өз үйінің ауласында адамдарды жиып той жасаған тұлғаның әрекеті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап кетті. Аталған жайт бойынша қалалық полиция бөлімінің  қызметкерлері шұғыл іздестіріп, тойдың 16 наурызда түнгі уақытта шаһардағы шағынауданның бірінде болғанын анықтады.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзған той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырып, іс-құжатты Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады.

Облыс полицейлері тұрғындарға заңға бағыну керектігін ескертеді. Төтенше жағдай кезінде той-жиындарды, басқа да басқосуларды кейінге шегеріп, мүмкіндігінше сақтық шараларын жасап, денсаулыққа мән беру қажеттілігін айтады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Полковниктің бала зорлау оқиғасына қатысы жоқ
  • 100 жастағы әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтты
  • Оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы сабақ өтілді
  • Түркістан облысының полицейлері 10-нан астам мас жүргізушіні анықтады
  • Діни мазмұнда материал таратқан ер адамға айыппұл салынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер