Түркістанды түлеткен Тұрашбеков облыс әкімінің орынбасары болды

Түркістан қаласы әкімдігінде ауыс-түйіс болды. Облыс әкімінің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Түркістан қаласының әкімі болып  Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды. Бұл қызметті бұған дейін атқарған Нұрбол Тұрашбеков Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.  

461767353_10227588606847831_856837498779426888_n.jpg 

Н.Тұрашбеков Түркістан қаласы әкімі қызметіне 2021 жылдың маусымында келген болатын. Бұған дейін Түлкібас пен Ордабасы ауданына әкім болып, іскерлігімен елдің сый-құрметіне бөленген Тұрашбеков  Түркістанды дамыту мен түлетуде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Осы үш жылда қалада көптеген нысандар пайдалануға берілді. Түркістан шын мәнінде тотыдай түрленген әсем қалаға айналды. Әкім тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, тек көпшіліктің көзіне түсетін орталықты гүлдендіруге ғана күш салумен шектелмей  қала шетіндегі  елді мекендердің, шағын аудандардың  қордаланған проблемаларын шешуде де іскерлігін, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.  Жуырда өңірге ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанның бүгінгі келбетіне жоғары баға берді.

1000231664.jpg

1000231665.jpg

1000231666.jpg

Мұны облыс әкімінің қолдауына сүйеніп нақты қадамдар жасаған Тұрашбековтың атқарған жұмысына берілген баға деп қабылдауға да болады.  Облыс әкімі оны өзіне орынбасар етіп алуының өзі осыны аңғартады. Облыс әкімінің орынбасары деген су жаңа қызметіне кірісіп кеткен Нұрбол Әбсаттарұлына ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресутар және табиғат пайдалануды реттеу салаларына бақылау жасайды.Screenshot_9.jpg

Screenshot_10.jpg

Ал, Түркістанның жаңа әкімі Әзімбек Пазылбекұлы 1991 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін және «Болашақ» университетін бітірген. Мамандықтары – мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, құрылыс, құқықтану.

Screenshot_11.jpg

Еңбек жолын 2013 жылы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған. Еңбек жолы одан әрі елордада өріліп, бірнеше министрлікте жалғасқан. Соңғы лауазымы--Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары.

Screenshot_12.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардың жаңа басшысына Түркістан қаласын дамыту, Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік және экономикалық әлеуетін көтеру бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Screenshot_13.jpg

Бұған дейін әкімдік жүйеде жұмыс істеп көрмеген Ә.Пазылбекұлының Түркістанның дамуына қаншалықты еңбек сіңіретінін  уақыттың еншісіне қалдырайық.  

Screenshot_14.jpg

Screenshot_15.jpg

Screenshot_16.jpg

Screenshot_17.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер