Қашып жүріп екі үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

тонау.jpg

Түркістан облысында қашып кеткен күдікті екі үйді тонағанын мойындады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Түркістан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келес аудандық Полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша сағат 21:30 шамасында белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, ұрлық жасамақшы болғанын көріп қалған. Сезікті сол сәтте терезені сындырып шығып қашып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеген полицейлер оқиға орнына тез жетіп, жедел-іздестіру шараларын жасады. Куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды мұқият тексерді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары, осы қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғынды таң атысымен аудан орталығының көшелерінің бірінен қашып жүрген жерінен ұстады. Күдікті екі үйге ұрлыққа түскенін мойындады. Және сол сәтте аздап ішімдік ішкені белгілі болды.

Анықталғандай, дәл осы түні күдікті осы ауылдағы тағы бір үйге ұрлыққа түсіп, алайда өз ойын соңына дейін жеткізе алмай, бұл жолы да үй иесі көріп қойып, қашып кеткен. Бұл жайында жергілікті тұрғын АПБ-не кезекші бөліміне арызданған. Аталған жайт та Келес АПБ-не тіркелді. Қазіргі таңда аталған жайттарға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолдануда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тұрғын-үйлеріңізде мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын орнатып, аулаларыңызды жарықтандырыңыздар деп кеңес береді. Қажетінше есіктеріңізді, қоршауларыңызды мықтылап бекітіп, терезелерге темір тор орнатыңыздар. Егер ұрлық не тонау сияқты жайттың куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарлаңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түлкібаста жоғалған 16 жасар қыз Қарағанды облысынан табылды
  • ​ Өзбекстан азаматы есірткі контрабандасы үшін ұсталды
  • Полицейлер марихуана сақтаған күдіктілерді ұстады
  • Түркістан облысында тірек пунктер тексерілді
  • Түркістан облысының полицейлері түнде жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер