Заңсыз балық аулағандар ұсталды

90727520_857634264712263_7912058524987817984_n.jpg

Түркістан облысында Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған Жетісай ауданының екі тұрғыны ұсталды. Шардаралық полицейлер олардан айғақты зат ретінде 300 келі балық, қайық пен балық аулауға арналған торды тәркіледі.

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен Полиция департаментінің қызметкерлері күдіктілерді ұстап, қылмысты ашумен ғана емес, заңбұзушылықты болдырмау мақсатында профилактикалық шаралар өткізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Соның бірі – балық ресурстарын заңсыз аулау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

90735694_857634208045602_4102540924209332224_o.jpg

Браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасын бұзу жайттарын анықтау және жолын кесу бойынша жиі жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында, Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Бекмұханбет Теңгебаев пен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторларының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде жоғарыда айтылған азаматтар ұстталды. Олар тәркіленген айғақты заттарымен ҚР ҚК-нің 335-бабы "балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау" бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер