Жалған ақпарат таратқан апа жауапқа тартылды

94969498_880995529042803_1043643483463614464_o.jpg

Кентау қаласында сауда орталығының кассирі коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан егде әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 сәуірде Кентау қалалық полиция бөліміне белгісіз азаматшаның азық-түлік сататын сауда үйінің кассирінен індет табылғандығын айтып таратқан аудиожазбасы бойынша хабарлама келіп түскен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.

Аталған хабарламаға сәйкес, қалалық полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды. Осылайша жедел-іздестіру іс-шарасы барысында кентаулық полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтап, ұстады. Оның осы қала тұрғыны, егде жастағы әйел екендігі анықталды. Әйел кісі өзінің қылмысын толық мойындады және істеген ісіне өкінетінін айтты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Төтенше жағдай енгізілгеннен бері Түркістан облысының полицейлері коронавирус туралы көрінеу жалған ақпаратты таратудың 10 дерегін анықталды. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жалпы көрінеу жалған ақпаратты таратқаны үшін, оның ішінде төтенше жағдай кезінде елді шулатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы ескертеді және азаматтардан ойланбастан осындай іс-әрекеттер жасамауды сұрайды. Сондықтан ақпараттың анығына көз жеткізбестен, оны таратпауға және елді дүрліктірмеуге, карантин кезінде сақтық шараларын ұстанып үйде болуға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер