Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларының қызметін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып жатыр.
2025 жылдың басынан бері:
жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;
жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;
86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;
12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.
— 227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, — делінген Қаржылық мониторинг агенттігі хабарламасында.
АФМ-нің «Baiqa, piramida!» атты Telegram-боты арқылы кез келген компанияның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексеруге болады.