Полицейлер мұқтаж жандарға көмек көрсетті

2f4bc88b-e2d9-437f-9649-ae7081ccd944.jpg

Түркістан облысының полицейлері  облысымыздағы   жағдайы төмен  отбасымен  мүгедек жандарға әрқашан  қол ұшын созып жүреді. Осындай көмекпен  Арыс АПБ-нің полиция қызметкерлері  жүріп тұруы қиын  Исмайлов Жұмағалиге көмек берді.  Бұл азамат  15 жыл бұрын  жол көлік оқиғасына түсіп екі аяғынан айырылған болатын.  Осы оқиғадан кейін ол  жалғыз өзі тұрады.   Аудандық полицейлер ағамыздың  үйіне барып,  хәл жағдайын сұрап қаржылай  көмектерін көрсетті.   

Жұмағали Исмайлов  өз сөзінде  «Тәртіп сақшыларының көрсеткен көмектеріне өз қызметтік міндеттерін жоғары дәрежеде көрсетіп жүргендеріне,  сонымен қоса  Арыс АПБ –нің бастығы полиция полковнигі      Нұрлан  Исабековке    алғысымды айтамын» - деп  ризашылығын  жеткізді. Осындай игі іс-шараларды Арыс  аудандық полиция бөлімі  ай сайын  ұйымдастырып  тұрады. 

Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды парыз деп түсінген Арыс  АПБ-нің полиция қызметкерлері  тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасылар мен мүгедек жандарға  арналған игі істеріміз бұдан әрі де өз жалғасын таба береді деп сеніммен айтты . Қайырымдылық ол қадірлі іс, сондықтан полицейлер  әрдайым мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрқашан дайын! Бастысы тұрғындардың амандығы!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының полицейлері боран салдарынан жолда қалған азаматтарға көмектесуде
  • Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар саны азаяр емес
  • Түркістан облысының полицейлері «Пиротехника» іс-шарасын жалғастыруда
  • Түркістандық полицейлер Жаңа жыл қарсаңында ерекше балаларды қуантты
  • Пиротехника профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер