Полковниктің бала зорлау оқиғасына қатысы жоқ

333.jpg

Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Селтановтың осыдан екі жыл бұрын болған зорланған бала оқиғасына қатысы жоқ. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы Полиция департаменінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Департаменттің мәліметінше, әлеуметтік желілерде Ордабасы АПБ-нің  бұрынғы басшысы полиция полковнигі Б.Селтановтың 2018 жылы Абай ауылында зорланған 7 жасар баламен болған оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген жалған ақпарат таралуда. Айта кету керек, 2018 жылы Құқық қорғау органдарының барлық мүдделі өкілдері Б.Селтановқа қатысты ҚР ҚК 362-бабының 1-бөлігі "қызмет бабын теріс пайдалану" бойынша жан-жақты тексеру жүргізді. Полиция полковнигі Б.Селтановқа қатысты айтылған дәлелдер өзінің растауын таппады және ол тәртіптік жауапкершілікке тартылмады.

Полиция полковнигі Бауыржан Селтанов ішкі істер органдарында 1995 жылдан бері қызмет етіп келеді. Кезінде ол Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби аудандық полиция бөлімін басқарған. Бұл аудан сол кездері мектептер мен оқу орындары, базарлар мен сауда орталықтары және басқа да адамдар көп жиналатын қоғамдық орындары бар, халқы тығыз орналасқан ірі аумақтардың бірі болып саналатын. Содан кейін полицей Бауыржан Селтанов Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасын, криминалдық полиция басқармасын, Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД штаб басқармасын, Ордабасы аудандық полиция бөлімін де басқарды.

Ол қызмет атқарған орындардың барлығында да өзін жоғары сыныпты өз ісінің кәсіби маманы ретінде көрсете білді. Сондай-ақ тәжірибесі мол білікті басшы ретінде танылды. Яғни Бауыржан Селтанов бірде-бір рет тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған, үздік қызметкер болған. Түркістан қалалық ПБ-на басшы болуымен облыс орталығында криминогендік жағдай жақсарды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстары жанданды, қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтар саны азайды. Сондай-ақ, полиция басқармасы басшылығының бастамасымен Түркістан қаласында тұрақты негізде жеке құрам арасында тәртіпті арттыру және полиция қатарларын жосықсыз қызметкерлерден тазарту бойынша жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылдың наурыз айында Ішкі істер министрлігі басшылығының келісімімен Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтың бұйрығымен полиция полковнигі Бауыржан Селтанов Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.

«Білікті басшыға әрдайым сәттілік пен төзім тілейміз. Себебі сын сағаттарда қауіпті  қызметтің тізгінін ұстау, елдің көңілінен шығу үшін жанын салып қызмет ету екінің қолынан келе бермейді!» делінген хабарала соңында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түлкібаста жоғалған 16 жасар қыз Қарағанды облысынан табылды
  • ​ Өзбекстан азаматы есірткі контрабандасы үшін ұсталды
  • Полицейлер марихуана сақтаған күдіктілерді ұстады
  • Түркістан облысында тірек пунктер тексерілді
  • Түркістан облысының полицейлері түнде жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер