Полицейлер мүлде құжат алмаған тұрғынды құжаттандырды

8460599.jpg

Елу алты жастағы аға буын Абдикаимов Әуездің туылғаннан бері төл құжаты болмаған. Жалғыз басты әке 5 баласын  асырау мақсатында ауылдан ауылға әркімнің жалдамалы мал бақташысы болып жұмыс жасап жүре берген.  Осы оқиғаға байланысты Сарыағаш аудандық полиция бөлімі Көші-қон қызметі бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Абдуманапов Димаш және осы бөлімнің бас маманы Омарова Маржан аудан орталығынан 100 шақырым шетте тұратын азаматқа төл құжатын рәсімдеп берді.

Тәртіп сақшыларының атқарған қызметтеріне көңілі толған Әуәз ағамыз:«Мен, Абдикаймов Әуез, жұбайым қайтыс болып кеткен. Бес баланың әкесімін. Бала-шағама азда болса жәрдем болсын деп, көмектесу мақсатында мал бағып жүрмін. Аудан орталығына баруға жағдайым болмады. Өзімде төл құжат алуды ойлап жүрген едім. Зейнетке шығар уақытымда жақындап қалды. Осы орайда көмек берген полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Елеп-ескеріп, өздері келіп құжаттарымды рәсімдеп берді.Алғысым шексіз» - деп жылы лебізін білдірді.

Осы орайда айта кететін жайт, Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері карантин режиміне қарамастан құжаттанбаған тұрғындарға көмек беруге дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер