100 жастағы әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

c851a3e1-0ad2-48b4-b793-d96c07c691fc.jpg

Түлкібас АПБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы полиция майоры Шыңғысбаев Нұрман Ешпенбетұлы жергілікті тұрғын, 100 жастағы  тыл ардагері Стрюковская Вераның үйіне барып, төлқұжатын қайта рәсімдеуге көмек берді. 

Ардагер әжеміз полиция қызметкерлерінің адал еңбектеріне өз ризашылығын білдірді. Тәртіп сақшыларының қызметтеріне әжейдің ұлы да алғыс айтты. 

«Барша Түлкібас ауданының полицейлеріне үлкен рақмет. Осындай карантин режиміне байланысты анамыздың  төлқұжатын үйімізге келіп, көмек бергендері үшін. Полиция қызметкерлеріне  отбасымызбен шын жүректен риясыз көңілімізді жеткіземіз.»

Осы орайда айта кететін жайт, Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері карантин режиміне қарамастан барша тұрғындарға әрқашан көмек беруге дайын. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тәртіп сақшылары үнемі жалғастыратын болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түлкібаста жоғалған 16 жасар қыз Қарағанды облысынан табылды
  • ​ Өзбекстан азаматы есірткі контрабандасы үшін ұсталды
  • Полицейлер марихуана сақтаған күдіктілерді ұстады
  • Түркістан облысында тірек пунктер тексерілді
  • Түркістан облысының полицейлері түнде жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер