Оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы сабақ өтілді

53779a41-dc98-417b-af26-25194cd8ff4d.jpg

Түлкібас ауданының бірқатар мектептерінде ювеналдық полиция инспекторларымен оқушылар арасында жол қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар өткізілді. Атап айтқанда Ғ.Мұратбаев пен Майлыкент атындағы мектептің 1-4 бастауыш сыныптарының оқушылары арасында  жүргізілді. Яғни оқушыларға көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүруді және  бағдаршамның түстерін, қызметін толықтай түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларды  маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда абай болудың, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды. Түрлі суреттер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, белсенді қатысуларын қадағалады. Мұндай іс-шаралардың мақсаты балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру. 

Көп жағдайда жасөспірімдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе музыканы бар дауысына шығарып, құлаққапты құлағына салып алып көліктердің дыбысына мән бермегендігінен орын алып жатады. Сондықтан да өз кезегінде облыс полицейлері ата-аналарға балаларына үнемі жолда жүру ережелерін барынша естеріне салып, мейлінше қадағалап отыру керектігін айтады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық полицейлер 2 күнде 70-тен астам құқық бұзушылық жайтын анықтады
  • Түркістан облысында полицейлер заңсыз ойынхананы анықтады
  • Учаскелік полицей тұрғынның жоғалған жылқысын қайтарды
  • Түркістан облысының полицейлері ауласында 5 түп есірткі еккен күдіктіні анықтады
  • Түркістан облысының полицейлері мемлекеттен «миллион теңге» әперемін деп алдаған әйелді ұстады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер