" />
" /> Арман Қоңыр шоу-бизнестегі есірткіге салынып кеткен нашақор әріптестері жайлы айтты- RG media - ақпараттық агенттігі

Арман Қоңыр шоу-бизнестегі есірткіге салынып кеткен нашақор әріптестері жайлы айтты

Screenshot_2.jpg

"Ойбай life" бағдарламасына сұхбат берген Арман Қоңыр зиянды әдеттерге әуес әріптестері туралы бар шындықты ашты. Әнші отандық шоу-бизнесте жаман заттарға тәуелді болып қалған жұлдыздардың бар екенін жасырмай айтты деп жазады NUR.KZ.

Арман Қоңыр қазақстандық шоу-бизнесте есірткіге салынған әртістер жайлы өз ойын жеткізді.

"Әрине, есірткіге салынғандарды көргенім бар. Ондай жұлдыздар бар. Бірақ, мен оларды ешқашан сынға алған емеспін. Себебі әркімнің өмірі өзіне. Оған тек өзі ғана жауап береді.

Олардың қандай қиындықтарға тап болғанын мен білмеймін. Сол үшін сынамаймын. Оған қоса, шөп шегеді немесе есірткіге құмар деп оларды басқалардан шектеп бөлген емеспін. Қарым-қатынасымыз қалай жақсы болса, солай жалғасын таба береді" , - деді әнші.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер