"Үш жерде жер сілкінісі болады, табиғатпен соғысамыз, құртып жібереді', - дейді Жанарыс Жақсылықұлы. " />
"Үш жерде жер сілкінісі болады, табиғатпен соғысамыз, құртып жібереді', - дейді Жанарыс Жақсылықұлы." /> "Жұмақта" адам емдейтін Қыдыр ата Қазақстанды не күтіп тұрғанын айтты- RG media - ақпараттық агенттігі

"Жұмақта" адам емдейтін Қыдыр ата Қазақстанды не күтіп тұрғанын айтты

Screenshot_1.jpg

"Қыдыр ата" есімімен атын шығарған Жанарыс Жақсылықұлы тіл-көзден қорқатын болып шықты. Атышулы емші алдына келген жүздеген адамның көзінен қалай қорғанатынын NUR.KZ порталына айтып берді.

"Күніге қаншама адам келеді. Бәрі де "жазылсам" деп отырады. Сондықтан тіл-көзден сақтанып, қорғанамын. Қолыма күмістен соғылған жылтырақ сақиналар тағамын. Көзіме киген көзәйнегім көз көрмегеннен емес, көзден қорғанғаннан", - дейді Жанарыс Жақсылықұлы.

Емші өзінің арқасы бар адамдардың ұрпағы екенін де айтты.

"Жасарал Еңсепов менің ағам. Домбыраны әлемге танытамын дейтін. Ертеде аталарымыз нарды иіткен домбырашы болған. Біз жүректерді жібітіп жібереміз.

Көбісі мені жынды деп ойлайды. Мен адамдарға түзету керек мінезін бетіне айтамын", - дейді емші.

Өзін "Қыдыр атаның сүйікті ұлы", ал ем жүргізетін үйін "жұмақ мекеніне" санайтын атышулы емші табиғи апаттар жақындап қалды деген ойда.

"Үш жерде жер сілкінісі болады, табиғатпен соғысамыз, құртып жібереді', - дейді Жанарыс Жақсылықұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер