Шегірткелерден келген шығын жоқ

image_750x_5afdb78632152.jpg

«Рейтинг» газетінің 3 мамырда жарық көрген №16-17 санында «Шегірткелер шабуылды күшейтті» деген тақырыппен жарияланған сын мақаладан кейін редакцияға Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының  басшысы Нұржан Кашкенов арнайы келіп, мақаладағы келтірілген мән-жайларға қатысты өзінің пікірін білдірді, сонымен бірге жауап хатын табыс етті Облыста аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы 341 мың гектарда химиялық өңдеу жүргізу жоспарланып, 3 мамырдағы жағдай бойынша бұл жұмыстар 195 мың гектарында аяқталған. Жерүсті агрегаттарымен 123 мың гектар, авиациялық тәсілмен 71 600 гектар жер өңделген.  Басшының айтуынша, редакцияға хабарласқан арыстық шаруалар тым асығыстыққа барған. Қазіргі жағдайда шегірткеден зиян шеккен ешкім жоқ. Барлық жағдай бақылауда тұр.


-Арыс қаласы бойынша бүгінгі күнге 38 мың 500 гектар жер өңделген. 18 бірлік жерүсті агрегаты, 2 бірлік АН-2 ұшағы өңдеу шараларын үздіксіз жүргізуде.  Мониторингтік зерттеу және химиялық өңдеу жұмыстарына аумақтық инспекциядан 7 маман, 3 автокөлік, Болждам орталығынан 17 анықтаушы, 14 автокөлік және аудан әкімдігінен 25 анықтаушы қатысқан.


Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының «Аса қауіпті және зиянды организмдер (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) фитосанитарлық мониторингі» оқу құралына сәйкес марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шаралары олардың дернәсілдері 2 жасқа өткенде және  3 жаста жүргізіледі.  Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы №225 бұйрығына сәйкес, марокко шегірткесінің экономикалық зиянды шегінен асқан көлемі 1 шаршы метрде 5 және одан көп болғанда химиялық өңдеу жүргізуілуі тиіс.

Арыс қаласының Қасқа, Сейіт ауылдарында марокко шегірткесінің 1 жастағы дернәсілі ағымдағы жылдың 19 сәуірінде жер бетінен шықты. 1 жастағы дернәсілдің егістікке және жайлымдық алқапқа зиян келтіру деңгейі төмен болып саналады. Аталған ауылдық округке 2 бірлік жерүсті агрегаты бөлініп,  экономикалық зиянды шегінен асқан  көлемге химимялық күрес шаралары мамырдың 1-2 күндері толық жүргізілді. Сейіт елді мекенінің тұрғыны А.Құлжабаевтың берген жазбаша мәліметіне сәйкес марокко шегірткесінен зиян шегу фактісі болмаған,-делінген жауап хатта.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 11922 жер иелеріне өз аумақтарында мониторингтік зерттеу және өңдеу жүргізу қажеттігі туралы ескерту, хабарламалар берілген. Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес шараларын бірлесіп атқару туралы шекаралас Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарымен ынтымақтастық келісім-шарттары түзілген. Қысқасы, басшылар биыл шегірткеге қарсы шаралар өз деңгейінде жүргізілді деп сендіріп отыр.

P.S.«Шегірткелер шабуылды күшейтті» мақаласы Арыс қаласы әкімдігін де елеусіз қалдырмаған екен. Мақалаға қала әкімінң орынбасары С.Дәрібайдан жауап келді.

-Арыс қаласы әкімдігінің 2018 жылдың 29 қаңтары күнгі №80 қаулысымен «Арыс қаласы аумағында шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау және оларды жоюға тиісті іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде штаб» құрылды.

Құрылған штаб құрамының ұйымдастыруымен зиянкестердің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарып, аумағы 160 000 га. жерге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 73 650 га жер аумағы өңдеуден өтті.

Бұл бағыттағы атқарылатын жұмыстар жалғасуда және қатаң бақылауға алынған,-дейді хатта С.Дәрібай.


«Рейтинг» газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер