Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ

image.png

Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — «Заманауи тілдер ұлттық университетіне» (National University of Modern Languages — NUML) барып, университет ректоры Шахид Махмуд Каянимен кездесу өткізді.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 3-4 ақпанда Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын, сондай-ақ білім беру саласында қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылады.

NUML басшысы университеттің бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқанын және академиялық байланыстарды нығайту, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Пәкістан жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған перспективалы бағыттар мен жобалар қарастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша NUML делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер