Дәрігерді орыс тілінде акцентпен сөйлегені үшін "топас" деп тілдеген

Screenshot_1.jpg

Осыдан бірнеше күн әлеуметтік желіде қостанайлық лор-дәрігер М.Өтебаева мен оның алдына науқас баласын алып келген ананың арасындағы дау тарап кеткен болатын.  Ақ халаттының әрекетіне ашуланған ана оны видеоға түсіріп, желіге салған еді.

“Ол менің 4 жасар баламды қараған жоқ. Оған біздің ұлтымыз себеп екен. Мұны өзі бетімізге айтты. Видеоны барынша бөлісіңіздерші”, – деген еді баланың анасы.

Жақында NUR.KZ порталы дәрігер М.Өтебаевадан жанжал неден туғанын сұрады. Бұған дәрігер былай деп жауап берді: 

Біз науқаспен татуластық. Жанжалға нүкте қойылды. Журналистер қанша сұраса да, мен жанжалдың қалай болғаны жөнінде ешқандай пікір білдіргім келмеп еді. Бірақ, маған және менің отбасыма психологиялық қысым көрсетілгендіктен, мен болған оқиға жайлы айтуды жөн көрдім. 

Мен науқасты қарауды орыс тілінде жүргіздім. Бірақ, баланың анасына менің орысшаны акцентпен сөйлегенім ұнамады. Сөйтіп, ол мені балағаттады. Сауатсыз, топас деп тіл тигізді. Оның бұл қорлауына мен «қазақпын мен. Орыс тілінде жетік білуге міндетті емеспін. Мен өз тілімді жақсы білемін және өз ана тілімде сөйлеймін» деп жауап бердім. Мен орыс тілін 100 пайыз білмеймін. Ал, ол менен орыс тілінде ешқандай қатесіз сөйлеуді талап етті, - деді Мөлдір Өтебаева.  

Жанжалдан соң арада көп уақыт өтпей науқас баланың анасы былай деп айтқан еді:

«Құрметті достар мен әріптестер және емханада біздің арамызда болған дау-дамай үшін алаңдаған азаматтар, дәрігер өз қателігін түсініп, кешірім сұрады. Арқалық қаласының әкімшілігі мен бас дәрігер Туранинаға деген құрметім үшін, мен оны түсініп, кешірдім. Оның жағдайына ендім. Мен әлемдегі тыныштықты қолдаймын! Қазақстан және Арқалық гүлдене берсін. Бұл көп ұлтты мемлекет. Қуанышқа орай, мен өз елімнің патриотымын. Бұл барлығына сабақ болады деп үміттенемін», – деп жазды баланың анасы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер