Мектеп мұғалімі 10 сынып оқушысын ұрып өлтірді

Screenshot_1.jpg

Көрнекі фото

Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарық ауданында әскери дайындық мұғалімі 10-сынып оқушысын ұрып өлтірген. Бұл жағдайдың орын алғанын марқұмның сыныптастары да растаған деп жазады "Орталық Азия" жаңалықтар қызметі.

26 қараша күні көз жұмған жеткіншектің әкесі ұлын мұғалімі Марфохид Мардоновтың соққы астына алып, өлтіргені туралы арыз жазған.

Бұл оқиғаға қатысты тергеу алды тексеріс жұмыстары жүргенімен, марқұмның әкесі мектеп басшылығы мен жергілікті прокуратура істі жылы жаба салуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.

Бұл оқиғаға қатысты сыныптастарының бірі Миржамол Закировты және тағы басқа оқушыларды әскери дайындық мұғалімі ұрғанын айтқан.

"Қатты соққыдан Миржамол дем ала алмай қалды. Келесі күн мектепке келмеді", -деді ол.

Миржамол Закировтың әкесі Дильшод ұлының мектептен ауырып келгенін айтқан.

"Мұғалімі ұлымды кеуде тұсынан ұрған.Ол өзін өте нашар сезініп келді. Алғашында менен қорқып ештеңе айтпады. Алайда түсте мектептен келді де, талып қалды. Мен оны аудандық ауруханаға апарғанда ұлымның көз жұмғанын естідім. Мен сотқа арыз түсірдім", - дейді Дильшод Закиров.

Сондай-ақ, азамат құқық қорғау органдарынан ұлының денесін ашуды және сот-медициналық сараптама жасауды сұраған. Ал мұғалім әлі күнге дейін мектепте жұмыс істеп жүр екен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер