Әйгілі қазақ жазушысы Фариза Оңғарсынованың ұрлықшы болғанын айтты

2018060317001768-640x353.jpg

Байбота Қошым-Ноғай "Қазақ үніне" жолдаған мақаласында ақын Фариза Оңғарсынованың ұрлықшы болғанын айтады. Яғни, идея ұрлайтын, рухани еңбекті ұрлайтынын былай деп еске алды:

Бірде Өтағаңа (Өтежан Нұрғалиев - автор) көшеде жолығып қалдым. Көптен көрген жоқ едім. Сол бұрынғы сөз саптасы. Әңгімесінің арасында ол кісі:

– Қай сөзімнің кімде жүргенін өзім жақсы танимын,– деді.– Оны танитын өзгелер де бар. Бірақ олардың айтқысы келмейді. Менің де кілең жаманатты бола бергім жоқ.

– Сонда өлеңдерімді өзге біреулер ұрлайды дегенді айтып тұрсыз ба?– дедім мен нақтылай түскім келіп.

– Өлеңдерімді ғана емес, тұтас кітабымды ұрлайды,– деді ол.

Мен күлдім.

– Ол мүмкін емес қой, Өтаға.

– Неге мүмкін емес? Кітабыңның атын ұрласа, идеяңды ұрласа, ол кітабыңды ұрлаған болып шықпай ма?

– Ұрлықтың аты ұрлық қой, әрине.

– Ұрлықты ұрланып тұрып жасайды ғой. Ашық түрде жасамайды ұрлықты.

– Иә.

– Мен “Менің махаббатым” деген кітап шығардым. Баяғыда. Фариза Оңғарсынова “Сенің махаббатың” деген кітап жазды кейін. Идея ұрланды ма? Ұрланды. Төлеген Айбергенов өлгеннен кейін оның негізгі кітабы “Мен саған ғашық едім” деген атпен жарық көрді. Қуандық Шаңғытбаев алғы сөз жазған. Фариза тағы бір кітап жазды, “Мен саған ғашық емес ем” деп. Идея ұрланды ма? Ұрланды. Ұрлаған нәрсесін теріс қаратып қоя салды. Ал жекелеген жолдар мен тіркестердің, ұйқастардың ұрланып жатқанын айтпай-ақ қой. Қазақ әдебиетінде оның мыңдаған мысалы бар.

Өтағаң осыған ұқсас бір пікірін “Жас қазақ” газетіне берген сұхбатында да қайталапты: “Әрине, кiм кiмнен көшiрiп алғанын жазып отырған адам ғана бiледi. Қазақтың барлық ақыны Өтекеңнен көшiру үстiнде. Менi ешкiм оқымайды деп ойламаңдар, күштi оқиды, тiптi лупамен оқиды. Сосын ойындағысын жасай бередi. Мысалы, Қадыр, Тұманбай, Оңғарсынова Фариза бәрi көшiредi. Бiрге оқыған кезде Кекiлбайдың Әбiшi де көшiрген. Бiрақ оған қалай ренжисiң, өйткенi, мен – халықтың қазынасымын. Менен де күштi ақын шыққанына мен қуанбасам ренжiмеймiн” (“Жас қазақ”, №32, 2008. Сұхбатты жүргізгендер Әмiрхан Балқыбек пен Мұрат Алмасбекұлы).

(Мақаланың толық нұсқасын "Қазақ үнінен" оқи аласыздар)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дариға Назарбаева: «Бізде ет бар, бірақ біздің нарықта неге қымбат?»
  • Рашид Аюпов: «Түркістандағы салынып жатқан жолдардың сапасы үнемі бақылауда болады»
  • Түркістанда өткен «Музейге сый» акциясында тұрғындардан 40-қа тарта жәдігер тарту етілді
  • Түркістандық баскетболшы қыздар топ жарды
  • Е.Жолдасов: «Жолаушылар поездарына бақылау басты назарда болады»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер