Назарбаев байлар мен кедейлердің арасы не үшін қатты алшақтап кеткенін айтты

image_750x_5afdb02549aa2.jpg

Бүгін Астанада өтіп жатқан экономикалық форумда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауқаттылар мен кедейлер арасындағы алшақтықты жою қажеттігін айтты. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елбасы бұл ретте әлемде орын алып жатқан бірқатар мәселелерді атап өтті.

«Геосаяси тұрғысындағы тұрақсыздық, түрлі санкциялар – мұның бәрі түрлі елдердің көшбасшы атану үшін ойлап тапқан тәсілдері. Сол себепті, ауқаттылар мен кедей адамдардың табысы арасындағы алшақтықты азайту керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы әлемдегі ауқатты деген 62 адамның активтері бүгінде адамзат баласының жартысына жуығының әл-ауқатымен теңескенін атап өтті.

«Халықаралық сарапшылардың айтуынша, былтырғы жылы жасалған 80% әл-ауқаттың, яғни жағдайдың тек 1%-ы ғана тұрғындарға арнап жасалған екен.

Парадокс, бірақ адамдардың өмірін жақсартады деп күткен ғылыми-техникалық прогресс шын мәнінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықтың артуына әкеліп соқтырып отыр», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, аталмыш форум елордада мамырдың 17-19 аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды
  • Қуандық Бишімбаевқа түрмеде әлі жұмыс табылмаған
  • Қазақстандықтардың орташа жасы – 32,3 жас
  • Президент қазақстандықтарды Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады
  • Министр Назарбаев университетінде қайтыс болған қызға байланысты пікір білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер