Шымкенттің әкімі өзіне мотивация сыйлаған Rgmedia.kz ұжымына алғыс айтты

image_750x_5afdb8a625bfd.jpg

Естеріңізде болса, биыл 22 қаңтар күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов халық алдында есепті кездесуін өткізді. Сол жиынға қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысқан еді.


Кездесуде Бауыржан Ахметәліұлы баяндаманы мемлекеттік тілде жасады. Әйтсе де, 100 пайыз мемлекеттік тілде жасалған бұл баяндамаға жергілікті бір тұрғын наразылық танытты. Сонда Нұрлан Ермекұлы қала тұрғынының сөзін қолдап, аудан әкіміне кездесуде мемлекеттік тіл мен ресми тілді қатар қолдану керектігі жөнінде өтініш есебіндегі ескертуін жасады. Ол ескертуді қос тілде араластырып жасағанды. Әкім ескертуін Rgmedia.kz сайтының ұжымы видеоға таспалап, ескертуін жазбаша күйде сөзбе-сөз дайындап, материалды Казнетке ең алғаш болып жариялады. Rgmedia.kz сайтына шыққан осы материалдан соң, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев желіде хит болды. Қатардағы қарапайым оқырманнан бастап, қоғам белсенділеріне дейін қала әкімін қатаң сынға алды.

Жақында осы оқиғаға қатысты Нұрлан Сауранбаев өз пікірін білдірді. Бұл жөнінде NUR.KZ порталы хабарлайды:

«Оны жазған жігіттерге рақмет айтқым келеді. Шыны керек, маған үлкен мотивация сыйлады. Қандай сын болса да, дұрыс қабылдау керек қой. Сол сыннан соң 8-9 шақты кітап оқып шықтым. Оның ішінде Абайдың қара сөздері де бар», — деді Шымкент басшысы.

Сондай-ақ әкім өз сөзінде қазақ тілді кітаптарды оқуды әрменқарай жалғастыратынын да жеткізді.

Өз кезегінде сыннан қорытынды шығара білген қала әкіміне де біздің сайттың ұжымы да зор алғысын білдіреді. Мемлекеттік тілге бей-жай қарамай, Сауранбаев секілді ана тілін әрқашан үйренуден һәм жетілдіруден шаршамайтын шенеуніктер көп болса дейміз.


(с) Rgmedia.kz ұжымы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дариға Назарбаева: «Бізде ет бар, бірақ біздің нарықта неге қымбат?»
  • Рашид Аюпов: «Түркістандағы салынып жатқан жолдардың сапасы үнемі бақылауда болады»
  • Түркістанда өткен «Музейге сый» акциясында тұрғындардан 40-қа тарта жәдігер тарту етілді
  • Түркістандық баскетболшы қыздар топ жарды
  • Е.Жолдасов: «Жолаушылар поездарына бақылау басты назарда болады»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер