Елімізде қай қалалардағы педофильдерге химиялық кастрация жасалатыны белгілі болды

Screenshot_7.jpg

Қазақстанда судьялар үш адамға қатысты химиялық кастрация қолдану үкімін шығарды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Tengrinews.kz ресми сауалына жауап берді.

Ведомстводағылардың айтуынша, 2018 жылы осы адамдарға қатысты химиялық кастрация негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолдану тағайындалу туралы айыптау үкімі шығып, енді заңды күшіне енді. Ер адамдар Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында сотталған.

Шығыс Қазақстан облысында 63 жастағы ер адам көрінеу жас балаларға қатысты жасалған зорлық әрекеттері және жас балаларды зорлау, сондай-ақ жас балаларды азғындық жолға түсіру баптары бойынша сотталған.

Қызылорда облысында ер адам қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу және жас балаларды зорлауға оқталу бабы бойынша сотталған. Ол ұсталған уақытта жасы 32-де болған.

Қарағанды облысында ер адам көрінеу жас баланы зорлағаны үшін және көрінеу жас балаларға қатысты жасалған зорлық әрекеттері үшін сотталған. Ол қылмыс жасағанда жасы 29-да болған.

Химиялық кастрация — бұл жыныстық әуестікті бәсеңдету мақсатында қолданылатын препараттар. Бұл шара кәмелет жасына толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түсу қылмыстық құқық бұзушылыққа барған 18 жастан асқан адамдарға қолданылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтардың банк шоттарына енді жасанды интеллект талдау жүргізеді
  • Үкім, айқай, дүрбелең: Жоғарғы сот Шерзат Болат ісінің трансляциясына нүкте қойды
  • Әлемде бала туу көрсеткіші күрт төмендеді
  • Шерзат өліміне қатысты сот: Прокурор Абзал Шынасылға 23 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
  • Рейтинг: Орталық Азиядағы ең әсем қала
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер