Кәмелет жасына толмағандарға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы ПБ-нің жеке құрам қызметкерлері аудан аумағындағы жалпы орта мектептерінде «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу» мақсатында іс-шаралар ұйымдастырды. Аталған шара барысында Мақтаарал ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары аудандағы барлық білім беру мекемелерін аралап, кәмелетке толмағандарға және олардың заңды өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Ондағы  қозғалған басты мәселелер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта, яғни 23:00 мен 06:00 аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерде болуы, осы уақыт аралығында ойын және әртүрлі тыйым салынған клубтарда жүруі, себепсіз мектептен қалуына және сабақ уақытында әртүрлі күндік жұмыстарға шығуы мен  кәмелет жасына  толмағандардың көлік құралдарын жүргізуіне тыйым салынатындығы және жаяу жүргінші жол ережесін қатаң сақтауы керектігі жөнінде тағы басқа да ескерту, түсіндіру жұмыстары жүрізілді. 

Сондай-ақ полиция қызметкерлері оқушылар тарапынан қойылған сауалдардың барлығына жауап беріп, жасөспірімдермен әңгіме дүкен құрды.  Алдағы уақытта да полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мұндай іс-шаралардың жиі өткізілетінін атап өтті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер