Түркістан полицейлері 75 миллион теңгеге қарыз болып, жоғалып кеткен жігітті тапты

Screenshot_2.jpg

Төлеби АПБ-ға  Ленгер қаласының  тұрғыны арызданды. Оның айтуынша  жасы 30-ға жуықтаған ұлы үйінен  белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Сондай-ақ анасының  өз баласын іздеп жүргеніне 4 тәулік болған. Алайда іздеу жұмыстарынан нәтиже шықпаған соң, полицейлерге хабарласқан. 

Төлеби  АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған ер азаматты табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізді. Қала көшелерін тексеріп, фотосуретін көрсету арқылы тұрғындар арасында  сұрастыру жұмыстарын жасады. Республика көлемінде тәртіп сақшыларына бағыттамалар жолданып, жоғалған жігіттің айрықша белгілері хабарланды. Жақындары мен туыстары, таныстары мен баруы мүмкін жерлер мұқият тексерілді. Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылды. Осылайша іздеу жұмыстарына бір апта уақыт жұмсалды. Нәтижесінде Түркістан полицейлері жоғалған жігітті Алматы қаласында  жүрген жерінен тапты. 

Белгілі болғандай азамат, өзінің таныстарынан 75 миллион теңге қарызға ақша алып, оны құмар ойынға жұмсап жіберген. Ол өз сөзінде қарызға алған ақшаларын қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болғанын жеткізді.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен орта жастағы азамат аман есен жақындарына  қайтарылды. Ұлымен қауышқан анасы, баласын іздестіруде кәсібиліктерін көрсетіп, тауып берген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. 

«Баламның із-түзсіз жоғалып кеткеніне  бірнеше күн  болды. Өзіміз іздедік. Бірақ таба алмадық. Содан соң полицейлерге хабарластық. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын!»  -деп көзіне жас алды.

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер