Полицейлер тұрғынның ұялы телефонын өзінше билік етіп алып қойған күдіктіні анықтады

Screenshot_4.jpg

Қазығұрт ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда бірге жұмыс жасайтын әріптесі  «ОРРО» маркалы ұялы телефонын алып қойып, 70 000  теңге шығын келтіргендігі туралы көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР  ҚК-нің  389-бабы, яғни «Өзінше билік ету» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Істің ақ-қарасын ажыратып, жәбірленушінің ұялы телефонын өзіне қайтарып берді. Белгілі болғандай жәбірленуші мен әріптесі екеуінің арасында жұмысқа қатысты келіспеушілік болған. Содан соң жәбірленуші күдікті әйелдің сөздерін ұялы телефонындағы дыбыс жазу қосымшасына басып алған. Мұны білген күдікті өзінің сөздерін жою мақсатында жәбірленуші әйелдің ұялы телефонын алып қойған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият және өз малдарына ие болуды ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер