Түркістан облысында тұрғынның малын жымқырып, сойып жеген күдікті екеу ұсталды

Screenshot_1.jpg

Сауран ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Онда жәбірленуші ер адамның айтуынша таңғы сағат 04:00 шамасында ауласында орналасқан қорасынан 2 бас қойын белгісіз азаматтың жымқырып кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 100 000 теңге. Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. 

Хабар алысымен мал ұрлығын жасаған күдіктіні анықтау мақсатында полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы оқиға орнына бет алды. Тәртіп сақшылары қажетті шаралардың барлығын жасап, жәбірленушінің ауласын мұқият тексерді. Сонымен қатар жәбірленушіге ұрланған малдарын қайтару үшін жан-жақты іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған полицейлер үй жануарларын сататын базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді біртіндеп тексерді. Осылайша жүргізілген тыңғылықты шаралардың нәтижесінде күдікті ретінде екі ер адам ұсталды. Олардың бірі бұрын сотты болған жергілікті тұрғындар болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктілердің басқа да қылмыстық іске қатыстылықтары анықталуда.  

Белгілі болғандай күдікті екеу оңай жолмен олжаға кенелу мақсатында жәбірленушінің қорасының есігін бұзу арқылы ішіне кірген. Содан соң екі бас қойды алып шығып, сыртта тұрған автокөліктерінің жүк салғышына тиеп, оқиға орнынан бой тасалаған. Негізгі жоспарлары ұрланған малдарды бірден сойып, қылмыстарының ізін жасыру. Олар үйлеріне барып,  2 бас қойдың біреуін сойып жеп, ал  екіншісін жоғалтып алған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Қора-жайлардың есігін мықты құлыппен бекітіп, мейлінше жарық шамдарын көптеп орналастыруға кеңес береді. Егер де, сіздің малыңыз ұрланған немесе із-түзсіз жоғалған жайғдайда уақыт өткізбестен бірден 102 нөміріне хабарласыңыз. 

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер