Түркістанда той жасағандар жауапқа тартылды

000001.jpg

Түркістан облысының бас санитариялық дәрігерінің карантин талаптарын сақтау туралы қаулысын жүзеге асыру мақсатында тәртіп сақшылары жиі рейдтер ұйымдастыруда. Сондай тексеру барысында облыс орталығындағы кафелердің бірінде қыз ұзату тойы болып жатұаны анықталды.

Түркістан ҚПБ-на Тәуке хан көшесі бойында орналасқан бір кафеде қыз ұзату тойы өтіп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына мобильдік топ тез арада жетті. Тексеру кезінде той жасалып, аяқталғаны белгілі болды. Бірақ кафе иесі той-жиын өткізуге тапсырыс қабылдағанын мойындады. Кәсіпкер мен той иесі заңды белшесінен баса отырып, жалпыға ортақ ережені бұзғаны белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен тіркеліп, іс-құжаттары жинақталып, Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Барлығымызға белгілі карантин кезінде той-жиындар, басқосулар, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Алайда, заңға бағынбай адамдар тобын жинап, той жасаушылар тоқтар емес. Мысалы полицейлер Түркістан қаласында тағы бір жиын ұйымдастырғандарды анықтады. Нақтырақ айтсақ, қаладағы «Бек» дәмханасының карантин талаптарын орындамай, 30 адамға ұжымдық іс-шараға тапсырыстар қабылдап, жиын өткізгені айқындалды. Жинақталған құжаттар заңды шешім шығару үшін тиісті органдарға жіберілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын сақтап, бетперде тағып, арақашықты сақтап, үнемі антисептик қолданып, адамдар көп болатын орындарға бармауға кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер