Екі күнде карантин талаптарын бұзған 15 азамат анықталды

0-01.jpg

Түркістан облысы әкімінің өңірдің бас санитариялық дәрігерінің қаулысын орындау туралы тапсырмасымен Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карантин талаптарын бұзғандарды анықтады. Мобильдік топтар суға шомылу арқылы бас қосқан, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары мен санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтамағандарды анықтау мақсатында рейдтік жұмыстарды жалғастыруда. Өйткені жаз мезгілінде суға түсушілер саны артып, шомылушылар тарапынан қауіпсіздік шаралары еленбей жатады. Оған қоса судың жағасына демалуға барып, карантин талаптарын ұстанбайтындар да белгілі болды.

Ордабасылық тәртіп сақшылары Арыс өзенінің жағасына шомылуға барған бірнеше ер азаматты ұстады. Олар Арыс, Сарыағаш пен Ордабасы аудандарының тұрғындары болып шықты. Екі күнде рейд кезінде 15 тұлға анықталды. Аталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жалпы айтқанда мұндай жайттар ағымдағы жылдың 17-ші шілдесінен бері су пайдалану қағидаларын бұзу дерегі бойынша 165 әкімшілік құқық бұзушылық белгілі болып, хаттамалар түзілген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, бас қосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған.

Сондықтан немқұрайлылық танытпай, өз саулықтарыңыз үшін карантин талаптарын ұстанған жөн.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер