«Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» оқушылар байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

Screenshot_4.jpg


 «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019»

оқушылар байқауын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1.      Осы ереже «Nazarbayev Fund School Challenge – 2019» байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу тәртібін анықтайды.

2.      Байқауды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – «Әділет министрлігі»), Назарбаев Университеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) және Крэнфилд университеті (Ұлыбритания) (бұдан әрі бірлесіп «Ұйымдастырушылар» деп аталады) болып табылады.

3.      Байқаудың демеушілері «Samruk - Kazyna Trust» корпоративтік қоры және «AirAstana» авиакомпаниясы, сондай-ақ өзге де ұйымдар.

 

2-тарау. Мақсаты

1.      Байқау жыл сайын қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, олардың зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыру және қалың жұртшылықты жастардың шығармашылық және ғылыми жетістіктерімен таныстыру мақсатында өткізіледі.

 

3-тарау. Тақырып

5. Техникалық және инженерлік мамандықтар: Көлік және логистика (әуе, т/ж, теңіз, автокөлік), Мұнай және газ, машина жасау, сәулет және құрылыс, шикізатты өндіру және қайта өңдеу, биотехнология, химия өнеркәсібі, IT, биотехнологиялар, робототехника және басқалар;

6. Байқау тақырыбы ұлттық экономика мен әлемдік трендтердің даму басымдықтарына байланысты жыл сайынғы негізде айқындалады;

7. 2019 жылғы байқау аэроғарыш тақырыбына арналады.

 

4-тарау. Байқауды өткізу кезеңдері

8. I кезең –  хабарландыру:

 

8.1.   2019 жылдың 15 наурызынан кешіктірмей Ұйымдастырушылар байқауды онлайн-алаңдарда, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде хабарланыдруды жүзеге асырады;

8.2.   Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жергілікті жерлердегі өңірлік мектептерге шақыру-хаттарды таратуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ байқауды өздерінің онлайн-алаңдарында, интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде хабарлауды қамтамасыз етеді.;

8.3.   2019 жылдың 15 наурызынан кешіктірмей Ұйымдастырушылар құрамында бес адамнан тұратын өңірлік іріктеу комиссиясын құрады.;

8.4.   2019 жылдың 15-20 наурыз аралығында өңірлік іріктеу жөніндегі комиссия мүшелері 2-Қосымшаға сәйкес байқаудың онлайн-платформасында нысанды толтыру арқылы тіркеуден өтеді.

 

9. II кезең – Аймақтық іріктеу:

9.1.   Мектептер төрт қатысушыдан және бір басшыдан тұратын топтарды қалыптастырады;

9.2.   2019 жылдың 15 наурыз - 10 мамыр аралығында топ жетекшісі немесе топ мүшелерінің бірі аймақтық іріктеуге қатысу үшін 1-Қосымшаға сәйкес келесі сілтеме бойынша топты тіркеу арқылы өтінім береді: http://shapagat.kazpatent.kz/ru/nfsc;

9.3.   Онлайн-платформада тіркелу барысында аймақтық іріктеу комиссиясының қарауына ұсынылған тақырыптарға байқау жұмыстары (бейне презентация, реферат) бекітіледі.

 

10. III кезең – Аймақтық іріктеу қорытындысын шығару:

10.1. 2019 жылдың 13-24 мамыр аралығында аймақтық іріктеу жөніндегі комиссия мүшелері топтардың жеке қатысуынсыз байқау жұмыстарын қашықтықтан қарау және бағалау критерийлеріне сәйкес балл беру арқылы аймақтық турдың жеңімпаздарын анықтайды. Іріктеу қорытындысы бойынша әр облыстан бір топ анықталады, барлығы 17 топ;

10.2. 2019 жылдың 27 мамырынан кешіктірмей Ұйымдастырушылар байқаудың онлайн-платформасында аймақтық іріктеу турының жеңімпаздарының тізімін және оның қорытынды хаттамасын орналастырады;

10.3. 2019 жылғы 10 маусымнан кешіктірмей Ұйымдастырушылар қорытынды іріктеу турын өткізу үшін комиссия құрады.

 

        11. IV кезең – ақтық іріктеу:

11.1. 2019 жылдың 25 мамырынан кешіктірмей Крэнфилд университетінің өкілдері Ұйымдастырушыларға («ҰЗМИ» РМК) қорытынды іріктеу турына тапсырма береді;

11.2. 2019 жылдың 27 мамырынан кешіктірмей Ұйымдастырушылар барлық құрылған топтарға Астана қаласындағы ақтық іріктеу турына қатысу үшін үй тапсырмасын жібереді.;

11.3. 2019 жылдың 25-27 маусым аралығында әр облыстан 17 топ Астана қаласында өтетін «Nazarbayev Fund School Challenge – 2019» байқауының ақтық іріктеу турына қатысады;

11.4.  Ақтық іріктеу бойынша комиссия 17 облыстық топ арасынан                        2 жеңімпазды және ақтық турдың соңғы күнінде Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танымдық сапар үшін қалған 15 облыстық топ ішінен 2 Белсенді қатысушыны анықтайды.  Барлығы 40 жеңімпаз;

11.5.  2019 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Ұйымдастырушылар байқаудың онлайн-платформасында ақтық іріктеу турының жеңімпаздарының тізімін және байқаудың қорытынды хаттамасын орналастырады.

 

12. V кезең – визалық қолдау:

12.1. 2019 жылдың 27 маусым мен 27 шілде аралығында Ұйымдастырушылар («ҰЗМИ» РМК) сапар қатысушыларына визалық сауалнаманы толтыру және Ұлыбританияға виза алуға жіберу үшін құжаттар жинау бойынша кеңес береді, сондай-ақ оларды Астана қаласы бойынша визалық орталыққа алып барады;

12.2. 2019 жылдың 27 шілдесінен кешіктірмей Ұйымдастырушылар («ҰЗМИ» РМК) сапар қатысушыларымен бірге барлық қажетті құжаттарды визалық орталықтарға беруі тиіс.

 

13. VI кезең – оқу-танымдық сапар

13.1.    2019 жылдың 19-26 тамызы аралығында Ұйымдастырушылар финалистердің Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танымдық сапарын ұйымдастыруын жүзеге асырады;

13.2.    2019 жылдың 30 қазаннан кешіктірмей Ұйымдастырушылар аймақтық және ақтық турлардың барлық қатысушыларының кері байланыс сауалнамасын электронды форматта толтыру арқылы байқауды ұйымдастыру және өткізу процесінің сапасын бағалауды жүргізуді қамтамасыз етеді;

13.3.    2019 жылдың 30 қазанында Астана, Алматы, Шымкент және ҚР облыс орталықтарының білім бөлімдері мен басқармалары Крэнфилд Университетіндегі (Ұлыбритания) оқу-танымдық іс-сапардың және байқауға қатысудың қорытындысы бойынша өңірлерде (оқу мекемелерінде) финалисттермен презентациялық көрсетілім ұйымдастырады.

13.4.    2019 жылдың 5 қарашасынан кешіктірмей өткізілген презентациялар туралы ақпаратты  «ҰЗМИ» РМК өкілдеріне жіберідеді.

 

5-тарау. Іріктеу комиссиясы және тапсырмалар

14.     Аймақтық іріктеу жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының, Назарбаев Университетінің, «Samruk-KazynaTrust» КҚ, «AirAstana» және Крэнфилд Университеті өкілдерінен құралады. Әрбір ұйымнан бір-бірден, барлығы бес адам;

15.    Ақтық іріктеу комиссиясы «Samruk-Kazyna Trust» КҚ , «Air Astana» және Крэнфилд Университетінің өкілдерінен құрылады (келісім бойынша);

16.    Крэнфилд Университетінің өкілі іріктеу комиссиясының төрағасы болып табылады;

17.     Байқау комиссиясы жыл сайынғы негізде аймақтық іріктеу және ақтық турлардың байқау тапсырмаларын әзірлейді және бекітеді;

18.    Аймақтық іріктеу турлары онлайн режимінде өткізіледі;

19.    2019 жылғы аймақтық іріктеу турына тапсырма:

«1. Ұшу кезіндегі ұшаққа әсер ететін күштерді сипаттаңыз.

2.     Отырғызу кезінде осы күштер қалай өзгеретінің сипаттаңыз.»

 

6-тарау. Топтар мен қатысушыларға қойылатын талаптар

20. Байқауға қатысуға 16 жастан 18 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының орта/жалпы білім беретін мектептерінің ағылшын тілін еркін меңгерген, физика-математика және жаратылыстану ғылымдары саласында жетістіктері және өзіндік жобалық қызмет тәжірибесі бар білім алушылары жіберіледі.;

21.    Көрсетілген пәндер бойынша жақсы үлгерім және авиа үлгілеу бойынша үйірмелерге қатысу құпталады;

22.   Бір мектептен бірнеше топ қатыса алады. Әр топтың құрамына төрт қатысушы (оқушы) және бір жетекші кіреді;

23.   Өткен жылдардағы «Nazarbayev Fund School Challenge» байқауларында жүлделі орындарға ие болған топтар мен қатысушылар - байқауға қатысуға жіберілмейді;

24.    Топ жетекшісі байқау ережесі шегінде өз тобының барлық мүшелеріне жауапты (Ұйымдастырушылар алдындағы өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік) және барлық топтың байқаудың барлық кезеңдерінде және оқыту іс-шараларына қатысуына кепілдік береді;

25.    Байқау кезінде топ басшысына жеткізілген кез келген ақпараттық хабарламалар топтың барлығына жеткізілді деп есептеледі;

26.    Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері көлік шығыстарын, Астана қаласында тұруға арналған шығыстарды, сондай-ақ өздерінің мектеп топтарының визалық жиындарына арналған шығыстарды көтереді.

 

7-тарау. Бейне-презентацияларды ұсыну бойынша талаптар

27. Қатысушы топтар байқау комиссиясының қарауына берілген тақырыптағы өздерінің байқау жұмыстарын ұсынады (бейне презентация, реферат (жұмыстың сипаттамасы));

28.    Бейне презентация ұзақтығы 5 минутқа дейінгі қысқа презентациялық бейнеролик болып табылады, оның барысында жетекшіні қоспағанда, топтың әрбір мүшесі өнер көрсетуі тиіс. Бейне презентация еркін түрде көлденең ажыратымдылықта, кез келген қол жетімді құрылғыда жазылады. Монтаждауға рұқсат етіледі.

-       Бейне презентациялар тілі - ағылшын;

-       Бейне презентациялар көлемі - 300 Мб, mp4, avi, webm пішімдері;

-       Реферат - бейне презентацияның қысқаша сипаттамасы;

-       Реферат тілі - ағылшын;

-       Жалпы көлемі - А4 форматындағы 10 бетке дейін;

-       Презентация файлының форматы - pdf, docx, doc, odt, ppt, pptx, өлшемі-20 Мб артық емес;

      Реферат ағылшын тілінде Microsoft Word форматында электронды түрде ұсынылады, шрифт Times New Roman, өлшемі - 14, абзацтық шегініс - 1,25 см, жоларалық интервал - 1, ені бойынша туралау. Құжаттың жиектері: сол жақ - 3 см, оң жақ - 1,5 см, жоғарғы және төменгі - 2 см. Мәтін тасымалсыз болып табылады. Беттердің нөмірленуі - беттің төменгі жағында, ортасында. Тақырыпты рәсімдеу - барлық жолдар қалың қаріппен. Бірінші жолда (оң жақ шеті бойынша теңестіру) топтың атауы көрсетіледі. Екінші жолда: оқу орнының атауы. Үшінші жолда: байқау жұмысының тақырыбы.

      Бар болған жағдайда келесідей қосымша құжаттар қоса беріледі: сызбалар, сызбанұсқалар, фотосуреттер, графиктер, ұсыным хаттар және т. б.

29.    Егер байқау жұмысы мәлімделген талаптарға сәйкес келсе, тапсырма орындалды деп есептеледі;

30.    Байқау бойынша орындалған тапсырманы жіберген кезде қатысушы топ осы Ережеде жазылған барлық шарттарды қабылдайды .

 

8-тарау. Байқау жұмыстарын бағалау тәртібі

31.    Байқау нәтижелерін бағалау 0-ден 10 баллға дейінгі шкала бойынша келесі тәртіппен жүргізіледі:

-       Жауаптың дұрыстығы;

-       Креативтілік (сөз сөйлеудің нақтылығы мен айқындығы);

-       Негізділік және дәйектілік (мысалдарды келтіру);

-       Презентация сапасы (талаптарға сәйкестігі);

-       Ағылшын тілін қолдану (сауаттылық, ағылшын тілінің деңгейі);

Бағалау критерийлерінің топтарда бірдей балл саны кезінде ескерілетін өз басымдылығы бар.

32.    Комиссия мүшелері топтардың байқау жұмыстарын қарайды және әрбір топқа онлайн - платформасында бағалау парағын толтырады (№3 қосымша).

 

 

9-тарау.  Жеңімпаздарды марапаттау

33.             Байқаудың финалистері оқу-танымдық бағдарлама шеңберінде

шетелдік серіктес университетке (Ұлыбританиядағы Крэнфилд университетіне) барып, кәсіптік бағдар бағдарламасымен танысуды және бастауыш білім алуды растайтын сертификаттар алады.;

34.            Жеңімпаздар Әділет министрінің және Тұңғыш Президент – Елбасы

Қорының атынан Астана қаласында салтанатты түрде грамоталармен марапатталады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер