Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды

image.png 

Қарағанды көлік прокуратурасы «Қарағанды-Сұрыптау–Сарыбел» аралығында жолаушылар пойызында болған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады деп жазады ҚазАқпарат.

20 сәуірде пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанып қалған. Босану медициналық мекемеден тыс және тиісті көмек көрсетілмей жүзеге асқан.

— Тергеу барысында анықталғандай, психикалық аурумен есепте тұрған әйел ауруының асқыну кезеңінде жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби темір жол рельстеріне құлап, жарақат алған.

Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес болған деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды, — делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды
  • Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді
  • Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасы салынбақ
  • Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді
  • Түркістанда дрон шығарылмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер