Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды

Screenshot_12.jpg

Грузияның кейбір мектептері мен балабақшаларында сиыр етінің орнына жылқы және есек еті берілген.  

Аджария, Имеретия және Гурия өңірлерінің балабақшалары мен мектептерінде балаларды жылқы және есек етімен тамақтандырған. Мұны сараптама нәтижесі растады, деп хабарлады "МИР 24" телеарнасы.

"Сынамалардан жылқы және есектің ДНҚ-сы табылды. Ал азық-түлікті тапсыру-қабылдау құжаттамасында сиыр еті деп көрсетілген. Бұл қылмыс. Жабдықтаушы компанияларға қатысты қылмыстық іс қозғауды талап ету керек", – деп мәлімдеді тәуелсіз сарапшы Теона Чхаидзе.

Мектепке дейінгі мекемелердің басшылары да жеткізілетін еттің сапасына күмәнданғанын жасырмады. Жабдықтаушылар зертхана сарапшылары беретін анықтамаларды тастамай кетуді жиілеткен көрінеді.  Грузияда есек және жылқы еті жарамды азық-түліктердің тізіміне кірмейді.

"Көптеген елде жылқы етін жейтініне қарамастан, Грузияда оны тұтыну мәдениеті қалыптаспаған. Ал есек етіне қатысты айтатын болсақ, тіпті ол жайында әңгіме де болмауы тиіс. Заңды бұзғандарға қомақты айыппұл салынады, тіпті ферманы жауып тастауы да мүмкін. Есек сүтінің емдік қасиеті бар, біз оны сатамыз, Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген", – деп атап өтті фермер Георгий Ломидзе.

Мектептер мен балабақшаларға жалған сиыр етін жеткізген компаниялар сертификатынан айырылып, қызметін тоқтатты.

Құқық қорғау органдары зертханадан барлық материал алынғаннан кейін қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер