Қазақстанда заңсыз байығандар жауапкершілікке тартылатын болды

Screenshot_11.jpg

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізуді жоспарлап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы үздік тәжірибені енгізуге басымдық беріліп отыр. Оған қоса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының кеңестері әрі БҰҰ Жемқорлыққа қарсы конвенциясының талабы бар. 

«Конвенцияның 20-бабында заңсыз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу міндеті жазылған. Қазақстан аталған құжатты 2008 жылы ратификациялаған болатын. Осыған байланысты бүгінде біз осы идеяны жан-жақты дамытып, басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. 2020 жылы кірістер мен шығыстарды жалпыға ортақ декларациялау енгізілетіні белгілі. Соның аясында заңсыз байығаны үшін жауапкершілікті енгізген дұрыс деп санаймыз. Мәселен, шенеуніктің шығыстары кірісінен артық болса, белгілі бір жауапкершілік қарастырылуы шарт», - деді О.Бектенов мемлекеттік қызметтің жаңа форматын қалыптастыруға арналған панельдік сессияда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жұмыс орнының саны емес сапасы маңызды
  • Түркістан облысына биыл 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • «Инвестор өз құқығының қорғалатынына сенімді болуы тиіс»
  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер