Тараздағы жарылыстың себебі белгілі болды

Screenshot_10.jpg

ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша Тараз қаласының тұрғын үй ғимаратындағы жарылыс газ жабдықтарын абайлап пайдаланбаудың салдарынан болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Еске сала кетейік, Тараздағы көпқабатты тұрғын үйде жарылыс орын алды. 

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, көпқабатты тұрғын үйде газдың жарылуы орын алған. 

Оқыс оқиға Тараздағы 9 шағын ауданның бірінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орын алған. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. 

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жедел жәрдем өкілдері оқиға орнында жұмыс жасап жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жұмыс орнының саны емес сапасы маңызды
  • Түркістан облысына биыл 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • «Инвестор өз құқығының қорғалатынына сенімді болуы тиіс»
  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер