Республикада ең арзан азық-түлік қай облыста?

Screenshot_6.jpg

Осы аптада былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын берген Түркістан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов  «республикада ең арзан азық-түлік бізде» деп мәлімдеді.

– Еліміздегі тұтыну бағаларының өсімдерін салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, инфляцияның ең төменгі деңгейі Түркістан облысында тіркелді. Атап айтқанда, азық-түлік 5 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 6,3 пайызға, ақылы қызметтер 3,2 пайызға көтерілген. Бұл республикалық орта көрсеткіштің ең төмені, – деді басқарма басшысы.

Алайда Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің осы жуырда жариялаған мәліметтері бұған қарама қайшы келеді. Комитеттің мәліметінше республикада бір жылы көлемінде, яғни 2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қаңтары аралығында азық-түлік тауарларына баға  5,8 пайызға өскен. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттап, керісінше жемістер мен көкөністер арзандаған.

Ұн 125-тен 129 теңгеге, сиыр еті 1462-ден 1560 теңгеге, қой еті 1383-тен 1464 теңгеге, жылқы еті 1604-тен 1766 теңгеге, тауық еті 664-ден 750 теңгеге, күнбағыс майы 400-ден 431 теңгеге, жұмыртқаның 10 данасы 256-дан 273 теңгеге қымбаттаған. Ең ақыры тұзға да баға өскен (51 теңгеден 52 теңгеге). Ең арзан ет өнімдері Павлодарда, ең арзан айран, сүт Талдықорғанда, ең арзан шұжық Таразда, ең арзан өсімдік майы Қарағандыда.  Комитеттің келтірген тізбесі бойынша Түркістанда тек алма ғана республика бойынша ең арзан саналады екен. 

Сонда Статистика комитетіне сенеміз бе Сәбитовке сенеміз бе? 

"Рейтинг" газеті


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер