3 мың киік атылған

Screenshot_5.jpg

Бас прокуратураның таратқан мәліметтеріне қарағанда, соңғы жылдары елімізде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларға заңсыз аңшылық  жасау оқиғалары жиілеп кеткен.

3 жылда осындай қылмыстық әрекеттердің салдарынан табиғатқа келтірілген залал 3,6 миллиард теңгені құрады. Киіктерді ату фактілерінің саны өсуде. Тек 2016-2018 жылдардың өзінде 3 мыңға жуық киік атылған. Браконьерлердің қылмыстық әрекеті ұйымдасқан түрде және тұрақты сипат алуда. Бұған Қарағанды облысындағы «Охотзоопром» РМК инспекторының қаза болуына байланысты оқиға дәлел. Бас прократурада осыған қатысты ауыл шаруашылығы, ішкі істер, қаржы министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның жауапты тұлғаларының қатысуымен жиын өтіп, қолға алынуы тиіс шаралардың жай-жапсары талқыланған.

Естеріңізде болса, 13 қаңтарда Қарағанды облысында киік атқан броконьерлерді ауыздықтау кезінде қорықшы Ерлан Нұрғалиев қаза тапты. Арада жиырма күн өткенде марқұм қорықшыға Елбасының жарлығымен «Барыс» ордені берілді. 

Жалпы біздегі құзырлы органдардың біреу өліп, қайғылы жағдай орын алмайынша орындарынан қозғалмайтыны жаман. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер