Қажыгелдиндер өз бауырлары теріс айналған Христиандар отбасын үйіне кіргізді

Screenshot_1.jpg

Бүгін Рухани келісім күніне орай Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев діни конфессия басшыларымен кездесу өткізді. Басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, басқарманың Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Жергілікті православ діни бірлестігінің діни қызметшісі Алексей Драчев, басқа дін өкілдері қатысып, сөз сөйледі. Осы кездесуде Түлкібас ауданындағы Ионна Богослова шіркеуінің өкілі Игумен Пантелеимон Rgmedia.kz сайтының тілшісіне қазақ халқының өте бауырмал екендігін, қиын сәтте әрқашан қол ұшын дайын тұратын дархан пейілді екенін айтты.

– Өткен ғасырдың 50-ші жылдары күштеп жер аудару науқаны аяқталғасын, Христиан дінін ұстанатын отбасы Көкшетау қаласын барып паналайды. Оларды жергілікті тұрғындар қабылдаудан бас тартыпты. Тіпті, өз діндес бауырлары да олардан теріс айналған. Міне, сол кезде қазақ елінің Қажыгелдиндер отбасы жер аударылған христиандарды қабылдап, тамағын бөліп берген, - деп ол ризашылық сезімін білдірді.

«Христиан өкілдерін өз үйінде паналатқан Қажыгелдиндер отбасының бұрынғы ҚР Премьер министрі Әкежан Қажыгелдинге қатысы бар ма?» деген сұрағымызға шіркеу өкілі нақты білмейтінін, бұл жөнінде зерттеп көру керектігін айтты.  

(И.Пантелеимон фотода сол жақта)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер