Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК

image.png

Қазақстандық инфлюенсерлер салық төлегенде шынайы кірісін жасырып қалған. Алайда бұл әрекеті әшкере болып, қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады. Бұл жөнінде Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Ведомство мәліметіне жүгінсек, былтыр 854 танымал блогерге жалпы 1586 хабарлама жіберілген. Өйткені олар 2022-2023 жылдарда табысын 71,9 млрд теңгеге азайтып көрсеткен. МКК ескертуінен кейін инфлюенсерлердің бірқатары ақылға келіп, қосымша табысын көрсеткен.

— Әзірге 622 инфлюенсер (блогер) қосымша формаларды тапсыру арқылы 18 млрд 292 млн теңге табысын декларациялады. Одан 875,5 млн теңге салық шегерілді, — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер