Oxford Economics Global Cities Index 2025 рейтингі бойынша Алматы Орталық Азиядағы ең үздік қала атанды.
Oxford Economics — экономикалық кеңес беретін тәуелсіз компания.
Компанияның 2025 жылғы жаңартылған жаһандық қалалар индексі бойынша құрылымдық күші, мүмкіндіктері жоғары қалалар бағаланды. Бағалау бес санаттағы бірқатар көрсеткіш бойынша жүргізілді: экономика, адами капитал, өмір сапасы, экология және басқару.
Дүние жүзіндегі 1000 қаланың тізімінде Алматы 258-ші орында тұр. Сонымен қатар, адами капитал санатында 64-ші орынға ие болды. Бұл ретте оңтүстік астана Орталық Азияда бірінші орында тұр.
Астана мен Шымкент қалалары да рейтингке еніп, сәйкесінше 276 және 534-орындарға орналасты.
Орталық Азия қалалары
Алматы қаласы 258-орын
Астана 276-орын
Ташкент 471-орын
Бішкек 498-орын
Шымкент 534-орын
Ашхабад 623-орын
Душанбе 683-орын
Үздік ондық
АҚШ-тың бес қаласы әлемдегі үздік он қаланың қатарына енді.
Нью-Йорк
Лондон
Париж
Сан-Хосе
Сиэтл
Мельбурн
Сидней
Бостон
Токио
Сан-Франциско