Дархан Сатыбалды алматылықтарға үндеу жасады

image.png

 Алматы қаласының су жаңа әкімі Дархан Сатыбалды Instagram желісіндегі парақшасында алматылықтарды бірігіп жұмыс істеуге шақырды деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. 

 "Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламыздың болашағына қатысты бірқатар маңызды тапсырма жүктеді. Тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу мен экономиканы әртараптандыру — алдағы жұмысымыздың басты бағыттары болмақ.

 Алматы — арман мен мүмкіндіктер мекені. Бұл шаһарға шынайы жанашырлықпен, тың серпінмен, нақты іспен қызмет ету — мен үшін үлкен мәртебе. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп, тізе қосып еңбек етсек, ару қаламызды одан әрі көркейте аламыз. Әсем Алматының әрбір көшесі мен әр тұрғыны үшін нақты өзгерістер жасау, аянбай қызмет ету — біздің басты міндетіміз, — делінген әкім жазбасында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Рейтинг: Орталық Азиядағы ең әсем қала
  • Дархан Сатыбалды алматылықтарға үндеу жасады
  • Таразда құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды
  • Оңтүстікті шегіртке қаптап жатыр. АШМ өкілі жауап берді
  • Енді үй кезегіне оңай тұра аласыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер