Елімізде енді көлік терезесінен басын шығарғандар айыппұл арқалайды

image.png

Елімізде енді көлік қозғалысы кезінде терезеден басын шығарғандарға да айыппұл салу көзделуде. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. 

"Бізде кейбір кезде жастар көліктен басын шығаратын қауіпті жағдай болып жатады. Осы бойынша да әкімшілік кодекске және заңдарға өзгерістер енгізілді. Бұл норма ең алдымен жолаушыларды тасымалдау кезінде өмірі мен денсаулықтың қауіпсіздігіне бағытталған. Мектеп бітіру кештерінде, үйлену тойлары кезінде көптеген кісі өздерінің қауіпсіздігіне мән бермей, осындай әрекеттер жасап отыратыны рас", – дейді Сұлтанбаев.

Енді қозғалыс кезінде көліктің терезесінен басын шығарғаны үшін 10 АЕК – 39 320 теңге, (1 АЕК – 3 932 теңге) айыппұл салынады. Бұл кезде жауапкершілік жолаушыға да, жүргізушіге тең дәрежеде әсер етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтардың банк шоттарына енді жасанды интеллект талдау жүргізеді
  • Үкім, айқай, дүрбелең: Жоғарғы сот Шерзат Болат ісінің трансляциясына нүкте қойды
  • Әлемде бала туу көрсеткіші күрт төмендеді
  • Шерзат өліміне қатысты сот: Прокурор Абзал Шынасылға 23 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
  • Рейтинг: Орталық Азиядағы ең әсем қала
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер