Шымкентте антикор төрағасының бұрынғы орынбасары сотталды

image.png

Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәуренбек Қожабаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады rgmedia.kz тілшісі. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған қылмыстық істе оған «Аса ірі көлемде пара алу» бабы бойынша айып тағылды.

- Сот сотталушыны ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген Шымкент қаласының ҚІЖМС-ның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер