Анкарада 1 сәуірге дейін жаппай митингі өткізуге тыйым салынды

image.png

Анкара губернаторлығы наурыздың 26-сы мен сәуірдің 1-і аралығында жаппай іс-шара, жиын және митингі өткізуге тыйым салды. Бұл туралы жергілікті әкімшіліктің мәлімдемесінде жазылған, деп хабарлады ТАСС. 

– 26 наурызда сағат 00:00-ден бастап 23:59-ға дейін жабық және ашық алаңдарда жаппай жиналыстар, демонстрациялар, шерулер, баспасөз мәлімдемелері, отырыстар, қол жинау науқандары және осыған ұқсас акциялар мен іс-шараларға, сондай-ақ үнпарақтар таратуға және баннерлер ілуге тыйым салынады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Анкара, Ыстамбұл және Измир билігі 23 наурызда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглының тұтқындалуына байланысты жаппай шерулерге тыйым салған болатын. 19 наурыздан бері Түркияның қалаларында Имамоглуды қолдайтын шерулер күн сайын өтіп жатыр. Наразылық акциясының кейбірі демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстармен аяқталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жұмыс орнының саны емес сапасы маңызды
  • Түркістан облысына биыл 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • «Инвестор өз құқығының қорғалатынына сенімді болуы тиіс»
  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер