Аманжол Әлтай: Ұятсыз фильмдер көбейіп кетті

image.png

"Ұятсыз фильмдер көбейіп кетті." Осылай деген  мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай тәрбиелік мәні бар картиналарды жасауға көңіл бөлу керегін айтты , деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі.

1Кино саласында қордаланған мәселе көп. Бір ақынымыз "Шәкен Аймановтармен бірге қазақ киносының ұяты кетті" деп айтып еді. Бүгінгі таңда кейбір саны бар, бірақ сапасы жоқ кинолар көбейіп бара жатыр. Ата-анасының баласымен бірге отырып көруге бет шыдамайтын ұятсыз кинолар көбейіп бара жатыр, - деген депутат тарихи киноларды көбейту керектігін жеткізді.

"Әсіресе тарихи тақырыптағы киноларды түсіруге көп көңіл бөлуіміз керек. Комедия жанрындағы фильмдердің кассасы көп болғандықтан кино түсірушілер осыған әуес болып кетті. Тәрбие тал бесіктен басталады. Егер ұрпағымызды жөндегіміз келсе, балаларға арналған анимациялық фильмдерге, балалардың тарихи, ұлттық тәрбие санасын қалыптастыратын өнімдерді көп түсіруіміз керек", - деді депутат.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жұмыс орнының саны емес сапасы маңызды
  • Түркістан облысына биыл 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • «Инвестор өз құқығының қорғалатынына сенімді болуы тиіс»
  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер