Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында тасқын жүруі мүмкін- Экология министрі

image.png

Елімізде қардың тез еріп жатқанын айтқан Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев  бірнеше өңірде тасқын жүру қаупі барын айтты. 

"11 наурыздағы жағдай бойынша ел аумағының 71 пайызында қар жатыр. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 15 пайызға аз. Еліміздің оңтүстігіндегі, атап айтсақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында және Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр. Наурыз айында температураның көтерілуі мен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын болған жағдайда тау өзендерінде еріген қар суының әсерінен жоғары тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар жиналу үрдісі жалғасуда, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түсуі күтіледі. Мысалы, Астанада айлық жауын-шашын мөлшері бірінші онкүндікте ғана түсіп үлгерді, - дейді ведомоства басшысы үкімет отырысында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасы салынбақ
  • Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді
  • Түркістанда дрон шығарылмақ
  • Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды
  • Қуандық Бишімбаевқа түрмеде әлі жұмыс табылмаған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер