Алматыда колонияның экс-басшысы ұсталды

image.png

Алматы қаласы бойынша №13 Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінің бастығы Бекзат Балтабайұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр деп хабарлайды rgmedia.kz. тілшісі. Әділет полковнигі Бекзат Балтабайұлы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қызметтік кабинетте ұсталған болатын.

ІІМ ҚАЖК мәліметі бойынша, аталған тұлға ұсталған сәтте ішкі істер органдарының қызметкері болмаған.

"Оған қатысты құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік саясатын ұстанады және тергеу жүргізіп жатқан органдарға жан-жақты көмек көрсетеді", - деді ІІМ ҚАЖК.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Дін мемлекеттен бөлек — Конституция жобасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер