Әлемдегі ең маскүнем халық жылына әрқайсысы 15 литрден арақ ішеді

absolut-vodka-rock-edition.jpg

Әлемдегі ең маскүнем халық анықталды. Ішімдікке жаны құмар елдердің қатарын Ресей бастаған. Бұл туралы hronika.info сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ресейде әр адам жылына 15,1 литр ішімдік ішеді екен.

Ал бұл тізімде екінші орынға Франция мен Австралия 12,1 литрмен жайғасса, үшінші орынға Ирландия тұрақтаған. Орташа есеппен бір ирландиялық жылына 11,9 литр ішімдік қабылдайды екен.

Алкаголь өнімдерін ең аз пайдаланатын елдердің қатарына Түркия кірген. Оларда жылына бір түрік орташа есеппен 2 литр ішімдік ішеді екен. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш Индонезияда 0,6 литр, Сауд Арабиясында 0,2 литрді құраған.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Әлемдегі ең маскүнем халық жылына әрқайсысы 15 литрден арақ ішеді