Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады

005.jpg

Отырар ауданында ұрлық секілді ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың ізін суытпай ашу туралы облыс басшысының тапсырмасын тәртіп сақшылар жедел жүзеге асырды. Олар ұрлық жасаған күдіктіні бір тәулікке жеткізбей ұстады.

Отырар аудандық полиция бөліміне құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардың бірінен арыз келіп түседі. Онда құрал-саймандар сақталған орыннан 1 дана балгарка, 1 дана дәнекерлеу және 1 дана ағаш кесетін құралын белгісіз біреудің жасырын кіріп, ұрлап кеткендігі айтылған. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.

Келтірілген шығын көлемі 110 000 мың теңгені құрайды.

Осы дерек бойынша тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын іске асырды. Олар 1 тәулік ішінде күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Күдіктінің мекен жайын тінту кезінде айғақты заттар табылып, тәркіленді.

Тергеп-тексеру кезінде полицейлер оның құрылыс компаниясында жұмыс істегендігін және бұдан бұрынырақта әріптесінің ұялы телефонын ұрлап кеткенін анықтады. Ұсталған ер азамат бұрын сотты болмаған. Бүгінгі таңда бас шарасы қолхатта. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Өз кезегінде Түркістан облысы полиция қызметкерлері азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Полковниктің бала зорлау оқиғасына қатысы жоқ
  • 100 жастағы әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтты
  • Оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы сабақ өтілді
  • Түркістан облысының полицейлері 10-нан астам мас жүргізушіні анықтады
  • Діни мазмұнда материал таратқан ер адамға айыппұл салынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер