Тәртіп сақшылары сот шешімін орындап, балалардың құқығын қорғады

074.jpgТүркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтардың алдын алумен қатар тұрғындардың құқықтарын қорғауды басты назарда ұстап келеді. Соның бірі – Түлкібас ауданының тұрғыны Тахмина Мамедова балаларын қайтаруға көмектескен полицейлерге алғысын білдірді.
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының атына Түлкібас ауданы Балықты ауылының тұрғынынан Түлкібас АПБ-нің тәртіп сақшыларына өз міндеттерін адал атқарғанын үшін алғыс айтқан хат келген. Тахмина Мамедова облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен Түлкібас АПБ қызметкерлері полиция майоры Әсел Наурызбаеваға, полиция капитаны Нұрбол Есенбековке, полиция капитаны Марат Құрманбаевқа, аға лейтенант Қамытбек Қайсарға және полиция лейтенанты Әділ Бекназаровқа алғысын білдірді. Хат авторы жас балаларды анасына қайтаруға көмектескен полиция қызметкерлерінің сезімтал және мұқият қарым-қатынасымен жұмысын атап өткен.
"ҚР сот шешімін орындауға көмектесу туралы өтінішіміз бойынша қызметтік борышын адал, абыроймен атқарған Түлкібас аудандық полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл шешімді борышкер бірнеше ай бойы орындамады. Анасына екі жылдан астам уақыт бойы кішкентай балаларын көруге мүмкіндік бермеді. Борышкер сот шешімін орындамады, ҚР басқа аймақтарында жалған жазылған, сот төрелігін болдырмауға және сот актісін орындау мерзімін созуға әрекеттенген. Түлкібас аудан ПБ қызметкерлеріне біз іздеген жас балалардың нақты орналасқан жерін анықтау бойынша қиын жұмыс күтіп тұрды. Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде өздерінің жоғары кәсіби деңгейін, сауаттылығын, ұстамдылығын көрсетті. Алла Тағаланың қалауымен сот орындаушысы мен мемлекеттік органдардың басқа да өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері сот шешімін орындай алды", - деді Тахмина Мамедова өз хатында.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін кәсіби және шеберлікпен орындағаны, сауатты жүргізгені үшін Түркістан облысының ПД басшылығымен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер